00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Гидротехникалық нысандар салуға бөлінген қаржының жұмсалуы тексеріледі

23 сәуір, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Гидротехникалық нысандар салуға бөлінген қаржының жұмсалуы тексеріледі
фото: Қаржылық мониторинг агенттігінің сайтынан

Қаржылық мониторинг агенттігі гидротехникалық нысандарды салуға бөлінген қаржының жұмсалуын тексеретін болады, деп хабарлады Elorda.info.

ҚМА Төрағасы Дмитрий Малахов бөлінген ақшаның қайда кеткенін сапалы тексеру мен бағалауды қамтамасыз ету қажеттігін айтып өтті.

Агенттіктің аумақтық департаменттері басшылары мемлекеттік органдар мен шаруашылық субъектілерінің қызметіне араласпай, бөгеттер, су бұру объектілерін салу, сондай-ақ өзен арналарын тереңдету үшін ақшаны ұтымды пайдалануды зерделеуі қажет, - деп тапсырды Д.Малахов.