00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Енді некені ХҚКО қызметкерлері қияды

Енді некені ХҚКО қызметкерлері қияды
Фото: ашық дереккөзден

Енді қазақстандықтардың некесін халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері қияды деп хабарлады Elorda.info. 

Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті бұл өзгерістің 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап іске асырылатынын айтты. 

Кодекстің 13-бабына сәйкес неке (ерлі-зайыптылық) тіркеуші органдарда немесе арнайы жасақталған мемлекеттік неке сарайларында некеге тұратын адамдардың жеке қатысуымен қиылады. Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап рәсімді Мемлекеттік корпорация «Азаматтарға арналған үкімет» өткізеді, –  делінген хабарламада.

Бұған дейін департамент «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды дамыту және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының аясында азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу функциясының «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына берілгенін түсіндірді. 

Азаматтық хал актілерін яғни туу, неке және қайтыс болу туралы куәліктерді тіркеу үшін төлемге де өзгерістер енгізілді.

ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне цифрлық активтер және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылғы 6 ақпандағы Заңына сәйкес Кодекстің 182-бабына азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу үшін ақы төлеу туралы өзгерістер енгізілді (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) 2023 жылғы 1 шілде Осыған байланысты азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым мөлшерін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы уәкілетті орган (Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 111 қаулысымен келісе отырып айқындайды, – деп атап өтті Әділет министрлігі.