Елордада діни экстремизмнің алдын алу бағытында семинарлар мен іс-шаралар өткізіліп жатыр
24-28 сәуір аралығында дін мәселелері бойынша Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және діни экстремизмнің алдын алу бағытында семинарлар мен әртүрлі форматтағы іс-шаралар өткізіп жатыр, деп хабарлады, Elorda.info.
Бұл іс-шараларға РАТТ мүшелері (теологтар, дінтанушылар) қатысады:
1. Қожахметова Талшын Зарқымқызы – Астана қ., «Діндерді зерттеу орталығы» ЖШС теолог маманы, исламтанушы;
2. Садыкова Жанагүл Абдуалиевна – Астана қ., «Діндерді зерттеу орталығы» ЖШС психолог маманы;
3. Солтан Роза – «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ теолог маманы;
4. Талипбекова Рахима Алихановна – Сәтбаев қалалық Б.Балқыбайұлы атындағы мешіттің ұстазы.
Іс-шараларды ұйымдастыру барысында Астана қаласында студенттермен, психологтармен, мешіттегі әйел жамағатымен, кітапхана қызметкерлерімен «Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі ережелері», «Әйелдер арасында рухани құндылықтарды түсіндіру және діни сауаттылықты арттыру», «Зайырлы қоғам және мемлекет дамуының зайырлылық принциптері», «Дін және қоғам» және т.б. тақырыптар аясында кездесулер жоспарланып отыр.