Елімізде жұмыс уақыты бір сағат ерте басталуы мүмкін
25 маусым, 2024
Зарина Сәрсенбайқызы
фото: видеодан алынған кадр
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова уақыт белдеуіне қатысты ұсыныс жайлы айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Бізге уақыт белдеуіне қатысты көп хат келіп жатыр. Біз ол хаттарға бір тәсілді негізде жауап береміз. Жұмыс беруші мен жұмысшының арасында келісімшарт бар. Жұмыс кестесін екі тарап келісіп жасайды. Сондықтан қараңғы уақытта жұмыс істемеу үшін жұмыс 9:00-ден басталса, оны жұмыс берушімен келісіп, 8:00-ден бастаса бір сағатты қысқартады,- дейді Жақыпова.
Министр сондай ұсыныс түскенін де айтты.
Ол шешім күрделі емес. Жұмыс беруші мен жұмысшы келісе алады. Жеке меншік және бюджеттік мекемелерге жұмысты бір сағат ерте бастауға ұсыныс бердік. Екі тараптың бірлесіп шешуі заңда жазылған,- дейді ол.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады