Елімізде ең арзан қаймақ қай өңірде сатылады?
17 тамыз, 2023
Елорда ақпарат
Шілде айында еліміз бойынша қаймақтың орташа бағасы келісіне 1912 теңгені құрады, деп хабарлады Elorda.info Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Өткен жылдың шілдесімен салыстырғанда сүт өнімі 22,4 пайызға қымбаттаған. Қаймақ Алматы қаласының тұрғындарына қымбатқа түседі. Онда бұл өнімнің орташа бағасы 2350 теңге мөлшерінде. Бұл өнімнің қымбаттығы бойынша екінші орында Атырау – 2079 теңге. Одан әрі Өскемен – 2068 теңге. Ақтөбе мен Қызылордада қаймақтың бір келісі үшін орта есеппен 2058 теңге жұмсау керек. Ең арзан қаймақ Көкшетау қаласында – 1270 теңге.
Айта кетейік, Қазақстанда қаңтар-шілде айларында 21 мың тонна қаймақ өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,3 мың тоннаға артық.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады