00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде балалардың қауіпсіздігіне қатысты челлендж басталды

26 тамыз, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Елімізде балалардың қауіпсіздігіне қатысты челлендж басталды
Фото: gazeta.uz

Төтенше жағдайлар министрлігі балалардың терезеден құлауына жол бермеу мақсатында «Балаларды қорғаңыздар - өздеріңізден бастаңыздар!» республикалық челленджін бастады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жыл  басынан бері балалардың терезеден құлауы туралы 152 хабарлама келіп түсті. Салдарынан оқиға орнында 16 бала қайтыс болып, қалған 136-ы әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

«Тек жазғы кезеңнің өзінде ҚР ТЖМ ТЖ министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығы 108 жазатайым оқиғаны тіркеді. Көп таралған себептерінің бірі – балаларды ата-аналарының қарауынсыз қалдыру. Бұл жағдайда заманауи терезелерге орнатылған москиттік торлар ең үлкен қауіп тудырып отыр», - делінген хабарламада.

Күн жылынғаннан бері ведомствоның аумақтық бөлімшелері алдын алу жұмыстарын күшейтті. Көпбалалы отбасылардың пәтерлерінде Қазақстан ТЖМ құтқарушылары терезелерге үш мыңнан астам бұғаттау құрылғысын орнатты.

Құтқарушылар «Өзіңнен баста!» ведомстволық челленджі аясында осындай арнайы құлыптау механизмін үлгі ретінде өз үйлеріне де орнатты. 20 аумақтық бөлімшенің қызметкерлері осы процесті көрсете отырып, халықты оқытты.

Бұл челленджді Оқу-ағарту министрлігі жалғастырады.