00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде қанша бала бар?

1 маусым, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде қанша бала бар?
фото: pixabay.com

Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы балалар саны туралы дерек жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

Сандық дерек бойынша, бүгінде Қазақстанда 16 жасқа дейін 6 162 мың бала бар, оның 51,4% ұлдар болса, 48,6% – қыздар. Қалалық жерлерде 3 664 мың бала тұрса, ауылдық жерлерде – 2 497 мың бала бар.

Өңірлер бөлінісінде балалардың ең көп саны Түркістан облысында – 836 мың, одан кейін Алматы қаласында 592 мың және Алматы облысында 498 мың бала бар.