Елімізде қандай жағдайда несиеден телефон арқылы бас тартуға болмайды

20 наурыз, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Елімізде қандай жағдайда несиеден телефон арқылы бас тартуға болмайды
Фото: Elordainfo.kz

Қазақстандықтар телефон арқылы жаңа несиелер алудан бас тартуды ресімдей алады. Бұл үшін жеке құрылғыдан 1414 нөміріне қоңырау шалу керек, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ел азаматтары үшін өз атына банктік қарыздар мен микрокредиттерді ресімдеуге тыйым салу мүмкіндігі бұрыннан бар. Енді мұны телефон қоңырауы арқылы шеше аласыз. Ол үшін 1414 нөміріне қоңырау шалып, «банктік қарыздарды, микрокредиттерді алудан ерікті түрде бас тарту» қызметін қосуды сұрау қажет.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы атап өткендей, дауыстық көмекші Сізді дұрыс түсінуі үшін қарапайым сөз тіркестерін қолданған дұрыс: «несиеден бас тарту», «қарызға тыйым салу» және басқалар. Әрі қарай робот қоңырау шалушының жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) және SMS-кодты енгізуді сұрайды, содан кейін қызмет қосылады.

Сонымен қатар, қазақстандықтар мына маңызды нюансты ескеруі керек: тек мобильді азаматтар базасында (МАБ) тіркелген телефон нөмірінен қоңырау шалу керек.

Яғни, басқа адамның ЖСН номерін білсеңіз де, өз телефон нөміріңіз арқылы қоңырау шалып, ол үшін несие рәсімдеуге тыйым сала алмайсыз. Егер адам өзінің ЖСН-ін енгізіп, алайда бөтен адамнан телефон нөмірінен қоңырау шалған жағдайда да, аталған қызмет іске қосылмайды.

Қызметті қалалық нөмірі бар үй телефоны арқылы да алу мүмкін болмайды, өйткені ол мобильді азаматтар базасында тіркелмеген және оған SMS-хабарлама келмейді.

Осылайша, қызмет тек смартфон иелеріне қол жетімді. Дәл осындай қызметті батырмалы телефондардың иелері де ала алады, бірақ олар SMS кодын енгізу кезінде қиындықтарға тап болуы мүмкін.

Қалған азаматтарға «ескі тәсілмен», яғни «Электрондық үкімет» порталындағы онлайн-сервис арқылы немесе eGov Mobile қосымшасы арқылы қарыздар рәсімдеуге өз бетінше тыйым салуды ресімдеу оңайырақ болуы мүмкін.

Бұл қызметті іске қосқан соң ешкім Сіздің атыңызға қарыз рәсімдей алмайды. Егер бұл жағдай орын алса, онда несие берушілер өздері қарызды есептен шығаруға мәжбүр болады.