00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде 8 млн қазақстандық банкке қарыз

29 мамыр, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде 8 млн қазақстандық банкке қарыз
Фото: 24.kz

Елімізде 8 млн қазақстандық банкке қарыз, деп хабарлады Elorda.info.

Яғни, экономикалық белсенді адамның барлығының мойнында несие бар, деп жазады Хабар24.

Бұл мәселені шешудің жолы қандай? Осы және қоғамдағы өзге де өзекті тақырыптар Назарбаев Университетте талқыға түсті. Отандық һәм шетелдік ғалымдар «Жаһандық және жергілікті басқарудағы шекараларды кеңейту» конференциясында ойларын ортаға салды. Сондай-ақ, конференцияда халықаралық ынтымақтастық, мемлекеттік басқару тиімділігі, миграция, интеграция, туризм және халық пен билік арасындағы диалог тақырыптары кеңінен қаралды.

Кейбір саясаткерлер халық қаржылық сауатсыздықтан қарызға батады дейді. Халық табысы төмен болғаннан несие алуға мәжбүр. Жалақысының басым бөлігін тамаққа жұмсайды. Жаңылмасам, қазір тұрғындардың қарызы 14 триллион теңгеге жетті. Билік ғылыммен тығыз байланыс орнатуы тиіс. Мемлекет басшысы екі жыл бұрын әл-ауқатына қарай салық салу туралы айтты. Алайда, өзгеріс жоқ. Жаңа экономикалық саясат құрсақ қана алға басамыз. Әлеуметтік теңсіздік, кедейлік, төмен жалақы, монополия, саяси күштердің, олигархтардың ықпалы сияқты «ауруларымызды» мойындауымыз керек, - деді экономист Қуат Акижанов.