00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Майқайыңдағы апат: Көз жұмған құтқарушының туыстары 120 млн емес, 30 млн теңге ғана алатын болды

14 қараша, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Майқайыңдағы апат: Көз жұмған құтқарушының туыстары 120 млн емес, 30 млн теңге ғана алатын болды
фото: Freepik

Павлодар облыстық соты «Майқайыңалтын» АҚ аумағында болған апаттан көз жұмған құтқарушының туғандарына берілетін өтемақы мөлшерін 30 млн теңге деп белгіледі, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Талап қоюшылар еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиға салдарынан қайтыс болған Т.-ның жақын туыстары, Екібастұз қалалық сотына кінәлі болып табылған «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС-нен әрқайсысына моральдық зиянның өтемақысы ретінде 30 000 000 теңгеден жалпы 120 000 000 теңге соманы өндіруді сұрады.

Екібастұз қалалық сотының 2024 жылғы 5 қыркүйектегі шешімімен талап қою толығымен қанағаттандырылды.

Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 13 қарашадағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгертіліп, әрқайсысының пайдасына моральдық шығын көлемі 7 500 000 теңгеге дейін азайтылды.

«Бұл ретте сот алқасы келесіні ескерді: моральдық зиянның өтемақы мөлшерін анықтау кезінде бірінші сатыдағы сот еңбек қызметімен байланысты Өндірістегі жазатайым оқиға туралы актіні, жұмыс берушінің кінәсін 100% анықтаған жазатайым оқиғаның мән-жайын арнайы тергеп-тексеру актісін басшылыққа алды», - делінген Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қаулы заңды күшіне енді.