00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Екі миллионға жуық оқушы бір уақытта асық ойнады

18 қараша, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Екі миллионға жуық оқушы бір уақытта асық ойнады
Фото: дереккөз

Еліміздегі жеті мыңнан астам білім беру ұйымында бір мезетте «Алтын сақа» ұлттық ойындардың республикалық челленджі өтті, деп хабарлады Elorda.info

Бұл бастама барлық оқушылар мен мұғалімдерді біріктіруге, ұлттық рухты және қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға бағытталған. 

Елордалық оқушылардың сайысына Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев та қатысты.

Ұлттық ойындар – педагогиканың дәстүрлі құралы. Ғасырлар бойы оларда ұлттық болмысымыз, халықтың еңбегі, ар-намыс, ержүректілік, батырлық, ерік-жігер мен жеңіске деген ұмтылысы айқын көрініс тапқан. Ұлттық ойындардың өскелең ұрпақ арасында кең танылып келе жатқаны қуантады. Соның бір дәлелі ретінде, екі миллионға жуық оқушы еліміздің мәдени мұрасын сақтаудағы бірлігін тағы да көрсетті. Біз жас ұрпақты нағыз патриот ретінде тәрбиелеуіміз керек, - деді министр.