00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Екі аптада іздеуде жүрген 58 қылмыскер ұсталды

13 қаңтар, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Екі аптада іздеуде жүрген 58 қылмыскер ұсталды
фото: Оңалхан Өнерхан

Жыл басынан бері Ішкі істер министрлігінің жедел қызметтері мен оның бөліністері іздеуде жүрген 58 қылмыскерді ұстады, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтау полициясы жергілікті тұрғынды ұстады. Ол өткен жылдың қараша айында мас күйінде кафелердің бірінде орын алған жанжал барысында қала тұрғынын ұрып-соққан. Жәбірленуші ауыр хәлде ауруханаға жатқызылған болатын. 

Өзбекстанның Үшқорған қаласында жергілікті құқық қорғау органдары Алматы облысының криминалдық полиция қызметкерлерімен бірлесіп, екі адамның өліміне қатысы бар, іздеуде жүрген осы елдің азаматын ұстады. Ер адам 2012 жылы Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында жұмыс істеп жүріп, зейнеткерлердің үйіне заңсыз кіріп, оларды өлтіріп, ақша ұрлап кеткен. 

Елорда полицейлері қостанайлық әріптестерімен бірлесіп, 2020 жылы Астанадағы жобалық тұрғын үй кешенінде пәтерлерді инвестициялау және броньдау сылтауымен 144 үлескердің ақшасын иемденген ЖШС директоры мен құрылтайшысын ұстады. Қаскөй тағы екі басқа ЖШС басшыларымен бірге 4 млрд теңгені жымқырған. Соңғы аталғандар да бұрын ұсталып, қазір үстерінен тергеу жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек республиканың криминалдық полиция қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен 30 адамды анықтады.