00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Биыл темір жол көлігімен 16,6 млн жолаушы тасымалданды

14 қараша, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Биыл темір жол көлігімен 16,6 млн жолаушы тасымалданды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Биылғы қаңтар-қазан айларында теміржол көлігімен тасымалданған жолаушылар саны 16,6 млн адамды құрады, деп хабарлады Elorda.info Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Бұл көрсеткіш 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,2% артық. Алайда жолаушылар айналымы 2022 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 1,5%-ға төмендеп, 13,6 млн ж-км құрады.

Жолаушылар жүрген ең танымал бағыт бұрынғыдай - Астана, 10 айдың ішінде 4,6 млн жолаушы елордаға билет сатып алды, одан кейін Ақтөбе облысына – 1,5 млн жолаушы, үшінші танымал бағыт – Қызылорда облысы - 1,3 млн жолаушы, - деп жазылған хабарламада.

2023 жылдың қаңтар-қазан айларында жолаушыларды темір жол көлігімен тасымалдаудан түскен табыс 100,8 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,3% артық.