00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Биыл мектеп түлектеріне ақша жинап, банкет ұйымдастыруға тыйым салынды

26 сәуір, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Биыл мектеп түлектеріне ақша жинап, банкет ұйымдастыруға тыйым салынды
Фото: Оңалхан Өнерхан

9-11 сынып түлектерінің қауіпсіздігін және емтихандарға сапалы дайындығын қамтамасыз ету мақсатында ақша жинауға, салтанатты іс-шаралар, банкеттер ұйымдастыруға және автомобильдермен шығуға тыйым салынады, деп хабарлады Elorda.info Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 2023-2024 оқу жылын 3,8 млн-нан астам оқушы аяқтайды, оның 186 мыңы – мектеп түлектері.

Биылғы оқу жылының ұзақтығы 34 аптаны құрайды, оқу 25 мамырда аяқталады.

Су тасқынынан орын алған жағдайға және 25 мамырдың демалыс күніне сәйкес келуіне байланысты 24 мамыр күні барлық мектептерде сабақта 2023-2024 оқу жылының аяқталуына арналған сынып сағаты ұйымдастырылады. Онда сынып жетекшілері оқушылармен бірге өткен оқу жылын қорытындылайды. Су тасқыны болған өңірлердегі сабақ қашықтан ұйымдастырылған балалар үшін сынып сағаттары онлайн форматта болады, - деп атап өтті Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті директорының орынбасары Қарлығаш Құрманбекова.

Айта кетейік, 11 (12) сынып түлектеріне аттестат тапсыру және ерекше үлгідегі «Алтын белгімен» марапаттау 12-15 маусым аралығында мектептердегі барлық емтихандар аяқталғаннан кейін өтеді.