00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Биыл ақыл-ойы кем 1000 бала санаторий-курорттық емдеуге жіберіледі

Биыл ақыл-ойы кем 1000 бала санаторий-курорттық емдеуге жіберіледі
фото: pixabay

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы Тамара Дүйсенова үкімет отырысында ақыл-ойы кем балаларды санаторий-курорттық емдеуге жіберу критерийлері айқындалғанын мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы Тамара Дүйсенова үкімет отырысында  мемлекет басшысы қойған міндеттерді орындау аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты. Соның бірі мүгедектігі бар адамдардың ұсынысын ескере отырып, осы жылғы 1 шілдеден бастап мынадай жобаларды іске асыру жоспарланып отырғанын жеткізді:

жоғары сапалы катетермен қамтамасыз ету. Осы мақсаттар үшін республикалық бюджетті нақтылау кезінде 328 млн теңге қарастырылған;

жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұсынылатын гигиеналық құралдардың (жөргектердің) нормативін 2 есе ұлғайту;

Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп ақыл-ойы кем балаларды санаторий-курорттық емдеуге жіберу критерийлері айқындалды. Осы жылы пилот режимде ел бойынша 1000 бала жіберіледі;

пилот режимде жан басына шаққандағы норматив енгізу және жеке секторды арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарту қарастырылады. Пилот 7 өңірде іске асырылады.

Өздеріңіз білетіндей, жыл басында мемлекеттік жәрдемақылардың барлық түрлері 8,5% көтерілді. Қазір мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін Қаржы министрлігімен бірлесіп мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған, сонымен қатар I топтағы мүгедектігі бар адамдарға және асыраушысынан айырылғандарға күтім жасауды жүзеге асыратын тұлғаларға мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағы 14,5% арттыру бойынша есептеулер пысықталып жатыр. Қосымша қажеттілік 43 млрд теңгеден асады, – деді Тамара Дүйсенова.