Қазақстандықтардың орташа жасы анықталды

Фото: Оңалхан Өнерхан
Ұлттық статистика бюросы қазақстандықтардың орташа жасы туралы мәліметтерді жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
2024 жылдың басындағы деректер бойынша Қазақстан халқының орташа жасы 32,3 жасты құраған. Соңғы бес жылда көрсеткіш 31,9 жастан өскен.
Ерлердің орташа жасы – 30,7 жас, әйелдердікі – 33,9 жас.
Өңірлер бөлінісінде ең төменгі орташа жас Түркістан облысында – 27,7 жас, сондай-ақ Маңғыстау облысы мен Шымкент қаласында – 27,8 жас.
Ең жоғары орташа жас Солтүстік Қазақстан облысында – 39,2 жас, Шығыс Қазақстан облысында – 38,9 жас және Қостанай облысында – 38 жас.
Қала халқының орташа жасы ауылдық жерлерге қарағанда жоғары – тиісінше 32,7 және 31,7 жас.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 15:08
Желіде футбол билетін сатқан: Сәкен Майғазиев пен Нұрлан Еспановтың ұлдарын полиция тексеруі мүмкін

Бүгін, 14:43
«Сізге сыйлық бар!»: полиция азаматтарды алаяқтардан сақ болуға шақырады

Бүгін, 10:06
Қазақстанда қарттарға қандай әлеуметтік қолдау көрсетіледі

Бүгін, 09:09
Светлана Жақыпова еліміздің зейнеткерлерін Қарттар күнімен құттықтады