Қазақстандықтардың орташа табысы қанша
![Зарина Сәрсенбайқызы](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Қазақстандықтардың орташа табысы қанша](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173918691528194753.webp)
2024 жылғы IV тоқсанда медианалық жалақы – 308 717 теңге, ал шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда атаулы жалақы – 434 982 теңге. 2023 жылға қарағанда өсім 10,5%, нақты мәнде – 1,8% өсті, деп хабарлады Elordainfo.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
«IV тоқсанда орташа жалақы мөлшерінің өсуі жыл қорытындысы бойынша берілетін қосымша төлемдер мен мерекелік сыйақылар есебінен еңбекақы қорының ұлғаюымен байланысты», - деп жазылған хабарламада.
2023 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғарғы өсімі ақпарат және байланыс – 32,8%-ға, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 22,7%-ға, жылжымайтын мүлікпен операциялар – 20,3%-ға салаларында байқалды. Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуде – 7,6%-ға, білім беруде орташа айлық жалақы – 5%-ға өсті.
«Өңір бойынша 2023 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 2024 жылдың IV тоқсанында орташа айлық атаулы жалақының ең көп өсуі Алматы және Шымкент қаласында –13,6%-ға, Қарағанды облысында – 13,2%-ға, Солтүстік Қазақстан облысында – 12,9%-ға және Ақтөбе облысында – 12,6%-ды құрады», - делінген хабарламада.
Өңірлер арасындағы орташа айлық номиналды жалақының ең жоғарғы және ең төменгі мәндері арасындағы арақатынас 2024 жылғы IV тоқсанда 2,1 есе болды.
![Елімізде ауыр қылмыстар саны төмендеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17391696303612560.webp)
![Қазақстанда тендер өткізу мерзімі 10 күнге дейін қысқартылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173916548520885556.webp)
![Қазақстандықтар бір жылда 304 миллиард теңге айыппұл төлеген](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173916786732695624.webp)
![Жетісу облысында «Damumed»-тен пациенттердің жеке деректерін ұрлағандар сотталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173916503828999178.webp)