Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады
7 сәуір, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Қазақстандықтар мамырда неше күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлады Elorda.info.
Мамыр айында қазақстандықтар 3 бірдей мерекені атап өтеді:
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні;
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні;
9 мамыр – Жеңіс күні.
1 мамыр дүйсенбіге келетіндіктен, сәуір айының соңғы демалысы үш күнге созылады.
7 мамыр жексенбіге түседі. Мереке күні демалысқа келіп түссе, демалыс келесі жұмыс күніне ауыстырылады. Осылайша жексенбі күнгі 7 мамырдың орнына дүйсенбі 8 мамырда демалыс.
Әрі қарай 9 мамыр күні тағы демаламыз.
Осылайша қазақстандықтар мамыр айында келесі күндері демалады:
- бес күн жұмыс істейтіндер: 1, 6-9, 13-14, 20-21, 27-28 мамыр;
- алты күн жұмыс істейтіндер 1, 7-9, 14, 21, 28 мамыр.
Ұқсас жаңалықтар
19 қыркүйек, 2024
Жұмысынан айырылған 217 мыңнан астам адамға әлеуметтік көмек берілді
19 қыркүйек, 2024
11 мыңнан астам қазақстандыққа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды
18 қыркүйек, 2024
Қазақстандықтар ішімдік ішуден қай елдерді басып озған
17 қыркүйек, 2024
385 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді