Қазақстанда тұрғын үй бағасы қымбаттауы бойынша рекордтық көрсеткіш тіркелді

5 наурыз, 2025
Айман Нығмет Айман Нығмет
Қазақстанда тұрғын үй бағасы қымбаттауы бойынша рекордтық көрсеткіш тіркелді
фото: freepik.com

Дүниежүзінде жылжымайтын мүлікке сұраныс жоғары болып қала береді. Оның ішінде, Қазақстанда да сұраныс күннен-күнге артып барады, деп  хабарлады Elordainfo.kz Energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Statista болжамды сараптамалық деректері бойынша, 2025 жылы әлемдік жылжымайтын мүлік нарығының көлемі рекордтық сомаға 654,39 трлн АҚШ долларына жетеді.  Қазақстанда жылжымайтын мүлік инвестициялардың ең тұрақты түрлерінің бірі болып отыр.

Биыл қаңтар айының қорытындысы бойынша жаңа тұрғын үйдің бір шаршы метрінің құны 500 мың теңгені құрады, ал қайталама нарықтағы тұрғын үй үшін оның құны 526,8 мың теңгеге жетті. Он жыл ішінде, яғни 2015 жылдың қаңтарынан 2025 жылдың қаңтарына дейін қайталама нарықтағы пәтерлердің құны 3 есе өсті. Ал тұрғын үйді жалға алу бірден 3,6 есе қымбаттады.