00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы әуе рейстерінің саны артады

23 маусым, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы әуе рейстерінің саны артады
Оңалхан Өнерхан

Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы әуе рейстерінің саны көбейеді, деп хабарлады Elorda.info ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың Әзірбайжан Республикасына ресми сапары шеңберінде 2023 Қазақстан Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Әзірбайжанның цифрлық даму және көлік министрлігі арасында әуе қатынасы туралы хаттамаға қол қойылды.

Қазақстан тарапынан хаттамаға ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев, Әзірбайжан тарапынан ӘР Цифрлық даму және көлік министрі Рашад Набиев қол қойды.

Қол қойылған хаттамаға сәйкес екі тараптың тағайындалған тасымалдаушылары әр тараптан аптасына 32-ден 42 рейске дейін елдер арасында тұрақты рейстерді орындау үшін құқықтық база кеңейтілді, - делінген хабарламада.

Құқықтық базаны кеңейту елдер арасында орындалатын рейстер санын ұлғайтуға мүмкіндік береді, бұл Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы әуе тасымалдар нарығындағы бәсекелестікті арттырады, сондай-ақ елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі күшейтуге ықпал ететін болады.