Астанада «Birgemiz: areket yaqyty» жобасының тұсаукесері өтті
Астанада «Birgemiz: areket yaqyty» жобасын таныстыруға арналған конференция өтті. Жоба Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша алғаш рет жүзеге асырылуда, деп хабарлады Elorda.info.
«Аталмыш іс-шара волонтерлік қызметке атсалысатын азаматтардың үлесін арттыруға, сондай-ақ волонтерлік ұйымдар, топтар мен волонтерлердің елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін арттыруға бағытталған», - деді Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
«Birgemiz: areket yaqyty» шеңберінде Ұлттық волонтерлер фронт-офисінің қызметін, сондай-ақ, халқы арасында волонтерлік қозғалысты насихаттау, жандандыру және ынталандыру жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастыру көзделген.
Конференция жұмысына ҚР МАМ Азаматтық қоғам істері комитеті, Ұлттық волонтерлік желісі, халықаралық және волонтерлік ұйымдар, және белсенді волонтерлердің және өңірлік фронт-офистерінің өкілдері қатысты.
Конференция барысында қатысушылар жобаны іске асыруға қолдау білдіріп, елдегі волонтерлікті дамыту бойынша жүйелі жұмысты одан әрі жалғастыру бойынша бірқатар идеялар мен бастамалар ұсынды.