Астанада алименттен жалтарған азаматтарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді
25 қараша, 2023
Елорда ақпарат
Фото: дереккөз
Елордада «Алимент» санаттары бойынша атқарушылық құжаттың талаптарын орындаудан қасақана жалтарған борышкерлердің мекен-жайлары бойынша рейдтік іс-шаралар өткізілді, деп хабарлады Elorda.info
«Борышкер» акциясы аясында өткен шара Астана қаласының Әділет департаменті, Байқоңыр аудандық прокуратурасы, аудандық полиция қызметкерлдері және Астана қаласының Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының қызметкерлерімен бірлесіп өткізілді.
Рейд барысында, борышкерлерге атқарушылық құжаттың талаптарын орындау қажеттігі туралы хабарламалар, сондай-ақ атқарушылық құжатты орындамағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауаптылық туралы ескертулер табыс етілді.
Алдағы уақытта, аталған іс-шараларды жүйелі түрде өткізу жоспарлануда.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады