00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

78 мыңнан астам қазақстандық Skills Enbek платформасында оқыды

6 қыркүйек, 2024
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
78 мыңнан астам қазақстандық Skills Enbek платформасында оқыды
Бактыгуль Бурбаева

Жыл басынан бері 78,8 мың азамат, оның ішінде 39,6 мыңға жуық жұмыссыз Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында онлайн-курстардан өткені туралы сертификат алды. Платформада барлығы 458,6 мың қазақстандық тіркелген, оның 98 мыңы – 2024 жылы тіркелді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, оқудан өткен 39,6 мың жұмыссыз азаматтың 12 мыңға жуығы негізінен Ақтөбе, Түркістан, Қостанай, Маңғыстау облыстарының және Шымкент қаласының жастары.

Платформа іске қосылғаннан бастап авторлар әртүрлі бағыттар бойынша 603 курс жариялады, оның 271-і тегін. Сондай-ақ, одан әрі оқу үшін білім беру алаңдарына ауысу мүмкіндігімен Courstore және Fluent Education серіктестерінің курстары бар.

Курстардың ұзақтығы 1-ден 72 сағатқа дейін.

Тамыз айындағы ең көп сұранысқа ие курстар – «Кассир», «Пішу және тігу», «Построение отдела продаж в отеле», «Управление персоналом» және «Страховой агент».

Платформада туризм, HR және хатшылық, SMART SKILLS, әлеуметтік қызмет көрсету және т.б. салалардағы түрлі мамандықтар бойынша тегін курстар саны үнемі артып келеді.

Платформа халықтың білім деңгейі мен кәсібилігін арттыруға, мансаптық дамуды ынталандыруға және «Өмір бойы оқыту» тұжырымдамасын ілгерілетуге бағытталған. Ол маркетплейс – қызметтер нарығы қағидаты бойынша онлайн курстарға қол жеткізуді ұсынатын халықаралық оқыту алаңдарына ұқсас құрылған.

Оқуға skills.enbek.kz сілтемесі арқылы немесе enbek.kz сайтындағы «Онлайн оқыту» бөлімін таңдау арқылы тікелей қол жеткізуге болады.

Платформада білім алушы оқытудың қолайлы қарқыны мен тілін, материалды берудің ыңғайлы принципін дербес таңдайды, білім беру үдерісіндегі өзінің ілгерілеуін бақылай алады.

Оқу аяқталғаннан кейін білім алушы 70% шекті деңгеймен тестілеу тапсыруға тиіс. Онлайн курсты сәтті аяқтаған жағдайда дағдыларды игеру туралы сертификат беріледі. Курсты аяқтаудың міндетті шарты – студент тарапынан курсты бағалау.

Алынған сертификат Электрондық еңбек биржасында (enbek.kz) тіркелген кезде білім алушы жасаған түйіндемеде автоматты түрде көрсетіледі. Қызметкерлерді іздеу кезінде әлеуетті жұмыс беруші платформада сәтті оқудан кейін алынған сертификаттарды көре алады.

2023 жылдың желтоқсан айынан бастап курстарды Enbek мобильді қосымшасы арқылы оқуға болады, қосымшаны Google Play және App Store-дан жүктеуге болатынын естеріңізге саламыз.

Платформада тіркелу және жұмыс істеуге қатысты барлық сұрақтар бойынша «ЕРДО» АҚ жауапты қызметкерлерімен байланысуды сұрайды: 8 (7172) 95 43 17 (ішкі. 877, 878, 888).