Бельгияда TIKTOK-ты пайдалануға тыйым салынды
1 сәуір, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Бельгия билігі үкіметтік телефондарда Тик-Ток пайдалануға уақытша тыйым салды, деп хабарлады Elorda.info.
Хабар24 жазуынша, алты айлық шектеу киберқауіпсіздік пен мәліметтердің құпия сақталуына төнген қатерге байланысты қабылданып отыр. ТикТок өз тұтынушылары жайында көп мөлшерде дерек жинайтын көрінеді. Алайда мемлекеттік қызметкерлер қосымшаны жеке телефондарына орната алады. Оған рұқсат бар. Осы уақытқа дейін АҚШ пен Канада билігі және Еурокомиссия Тик-токке осындай тыйым салған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады