Елімізде Арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі өзгерді
Қазақстанда Арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі өзгерді. Кесте жұмыс көлемінің азаюына байланысты өзгерген. Мемлекеттік корпорацияның баспасөз қызметі заңдастыру мәселелері бойынша өтініштер саны айтарлықтай азайғанын мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.
Бұдан былай шетелдік көліктерді заңдастырумен айналысатын aрнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі күні сағат 9:00-ден 14:00-ге дейін қабылдайды.
Алматы, Астана, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, Тараз және Орал қалаларында Арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі бұрынғысынша қала береді – жұмыс күндері сағат 9:00-ден 14:00-ге дейін, сенбі күні сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін.
Айта кетейік, орталықтар 6 наурызға дейін жаңа режимде жұмыс істейді. Өзгерістер болса, қосымша хабарланады.