00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

ТМД-да такси бағасы ең қымбат елдердің қатарында Қазақстан да бар

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
ТМД-да такси бағасы ең қымбат елдердің қатарында Қазақстан да бар
ашық дереккөз

Елімізде такси қызметі бір жыл ішінде 12 пайызға қымбаттады, деп хабарлады Elorda.info.

Energyprom.kz порталының жазуынша, өңірлер арасында такси бағасының өсімі Атырау тұрғындарының қалтасына салмақ салды. Мұнда қызмет құны 1 жыл ішінде 37,5 пайызға қымбаттап отыр. Одан кейінгі орындарда Жетісу (33 пайыз) мен Абай облыстары (31,2) тұр.

Ал Ақмола облысында такси қызметі жыл ішінде небәрі 0,5 пайызға көтерілсе, Қарағанды, Түркістан және Ұлытау облыстарында баға бір жыл бұрынғы деңгейде.

Numbeo мәліметіне сәйкес, 2023 жылдың 14 ақпанындағы мәлімет бойынша стандартты тариф бойынша 1 шақырымға такси қызметінің ең төменгі бағасы Мысыр (0,16 доллар), Пәкістан (0,19) және Беларусьта (0,2) тіркелген.

ТМД елдері арасында такси қызметі ең арзан елдердің ондығына Армения мен Өзбекстан (0,26 доллардан), Украина, Молдова және Ресей (0,27) кіреді.

Ал такси қызметі қымбат елдердің қатарында Қазақстан (0,44 доллар) мен Әзербайжан (0,59) елдері бар.

Ең қымбат такси қызметі Швейцария (4,25 доллар), Кувейт (3,27) және Ямайка (3,26) елдерінде тіркелген.

Айта кетейік, өткен жылдың қаңтар-желтоқсанында елімізде такси қызметін көрсететін компаниялардың табысы құндық мәнде жыл ішінде 16 пайызға артып, 5 млрд теңгеге дейін жетті.

Өткен жылы такси қызметін 2,4 млрд жолаушы қолданды. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 1,2 пайызға аз.