00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстанда кедейлер қатары көбейіп келеді

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанда кедейлер қатары көбейіп келеді
ашық дереккөз

Қазақстанда азаматтардың шамамен 5%-ы күнкөріс деңгейінен төмен табысқа ие. Бұл туралы Сенат басшысы Мәулен Әшімбаев мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info ls-ке сілтеме жасап.

Қазақстандықтардың шамамен 5%-ның табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен (40,5 мың теңге) аспайды. Бұл ретте 12 өңірде, өкінішке қарай, азаматтардың осы санатының ұлғаюы байқалады. Біз Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және басқа да облыстар, - деді ол.

Қазіргі уақытта ел халқының жартысына барлық табыстың үштен бір бөлігінің азы келеді.

Халықтың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік беретін шешімдердің бірі – микро және шағын кәсіпкерлікті дамыту. Алайда, ауылдық жерлерде тұрғындар кәсіпкерлікті дамыту үшін шектеулі мүмкіндіктерге тап болады. Сондықтан жағдайды өзгертудің тиімді құралдары мен әдістері қажет, - деді ол.

Қазақстандықтардың едәуір үлесі 2022 жылы 70 мың теңгеден аз табыс тапқаны белгілі. Бұл ретте Қазақстанның 11 өңірінде халықтың нақты табысы төмендеуде.