00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстанның тұңғыш Премьер-министрі қайтыс болды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанның тұңғыш Премьер-министрі қайтыс болды
ашық дереккөз

Қазақстанның тұңғыш Премьер-министрі Сергей Терещенко 72 жасында қайтыс болды, деп хабарлады Elorda.info

Ол РКФСР Приморск өлкесінің Лесозаводск қаласында дүниеге келген. Ұлты – украин. 1973 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын «инженер-механик» мамандығы бойынша бітірген.

1987 жылы Алматы Жоғары партия мектебін тәмамдаған.

Экономика ғылымдарының кандидаты (1993).

1991 жылдың 16 қазанынан 16 желтоқсанына дейін Қазақ КСР Премьер-министрі, 16 желтоқсаннан бастап 1994 жылғы 14 қазанға дейін Қазақстан Үкіметін басқарды.