00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада Түркияға баратын еріктілер тобы жасақталып жатқаны рас па

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Елордада Түркияға баратын еріктілер тобы жасақталып жатқаны рас па
ашық дереккөз

Әлеуметтік желіде елорданың төтенше жағдайлар департаменті Түркияға көмек көрсетуге жіберу үшін еріктілер жинап жатыр деген ақпарат тарады, деп хабарлады Elorda.info.

Астана қаласының ТЖД кезекшілік бөлімінде жер сілкінісі салдары аумағына жөнелту үшін еріктілер жиналуда. Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 22. Азаматтар ішінен бірінші болып жазылдым. Әріптестерден қоңырау күтемін», деп жазды Н. есімді азамат Facebook парақшасында.

Осыған орай Астана қалалық ТЖД ресми мәлімдеме жасады.

Астана қаласының төтенше жағдайлар департаментіне Түркия еліне көмек көрсетуге жіберуге елордалық ТЖД еріктілерді жинап жатыр деген ақпарат келіп түсуде. Өз кезегінде, бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз! Бүгінгі таңда қажетті құтқару жабдықтарымен жабдықталған 40 қазақстандық құтқарушы Түркияда, Газиантеп қаласында. Сондай-ақ тәжірибелі мамандар, кинологтар, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері қатарынан қосымша 60 құтқарушы бүгін жойқын жер сілкінісінің зардаптарын жоюға көмек көрсетуге бара жатыр. Осыған байланысты азаматтардан тек ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз, - делінген хабарламада.