00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Бортқа мас күйде кірген Qazaq Air жолаушысын рейстен түсіріп тастады

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Бортқа мас күйде кірген Qazaq Air жолаушысын рейстен түсіріп тастады
ашық дереккөз

55 жастағы жолаушы ұшақ бортындағы қауіпсіздік ережелеріне бағынбағаны үшін рейстен түсірілді, деп хабарлады Elorda.info. 

27 қаңтарда Астана әуежайындағы желілік полиция бөліміне Qazaq Air әуе компаниясының өкілдерінен Астана-Шымкент бағытындағы рейстің жолаушысына қатысты шара қабылдау туралы хабарлама келіп түсті. Құқық бұзушы акт бойынша көлік полицейлеріне берілді.

Тексеру барысында полицейлер масаң күйінде болған және ұшақ бортындағы қауіпсіздік ережелеріне бағынбаған Шымкенттің 55 жастағы тұрғынын анықтады. Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, ол «жеңіл дәрежелі» алкогольдік масаң күйде болған, - деп жазды Polisia.kz Telegram-арнасы.

Ер адамға қатысты полиция қызметкерлері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-бабы 1-бөлігі (алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келу) бойынша, 566-бабы 1-бөлігі (әуе кемесінде мінез-құлық қағидаларын бұзу) бойынша екі әкімшілік хаттама толтырып, 8 айлық есептік көрсеткіш (27 600 теңге) мөлшерінде айыппұл салды.