00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Былтыр ҮЕҰ 2500-ге жуық азаматқа тегін заң көмегін көрсетті

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Былтыр ҮЕҰ 2500-ге жуық азаматқа тегін заң көмегін көрсетті
ашық дереккөз

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамдық кеңесінің мүшесі Дидар Смағұлов Үкіметтік емес ұйымдағы қоғамдық бақылаудың нәтижелері туралы брифингте айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Ұйым жеке қорлар есебінен қызмет атқаруда. Бүгінгі таңда еліміздің барлық өңірлерінде филиалдарымызды аштық, өткен жылы 2 500-ге жуық азаматқа тегін заң көмегі көрсетілді, ұйымға 5 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Олардың көпшілігі объектілерді салу және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлыққа деген күдікпен байланысты болды. Былтыр 20 млрд теңгеден астам сомаға 1 мыңнан астам тәуекелді сатып алуды анықтадық. Шенеуніктер сатып алуды жоғары бағамен жүзеге асыруға тырысқан жағдайлар жиі кездеседі. Жалпы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2022 жылы мемлекеттік сатып алулар бойынша 29 млрд теңгеден астам қаражат үнемдей алса, олардың ішінде 2,1 млрд теңгеден астамы біздің күшімізбен бірге анықталды, – деді Д.Смағұлов. 

Анықталған бұзушылықтардың ішінде көп бөлігі тәртіптік және әкімшілік жауапкершілік қарастырылған мемлекеттік сатып алу рәсімдерін бұзу болып табылады. 2022 жылдың қорытындысы бойынша 183 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 

Смағұловтың айтуынша, әртүрлі лауазымдағы басшыларға қатысты 122 млн теңгеден астам сомаға айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы 517 хаттама жасалды, олар бюджетке өз еркімен төленді. 2022 жыл ішінде 42 қылмыстық іс тіркелді, олардың көпшілігі сыбайлас жемқорлық сипатында. Осы істер мен басқа да өтініштер аясында заңсыз төленген 250 млн теңгеден астам қаражат бюджетке қайтарылды.