00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Алтай Көлгінов дене шынықтырумен айналысатын балалар санын арттыру қажет екенін айтты

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алтай Көлгінов дене шынықтырумен айналысатын балалар санын арттыру қажет екенін айтты
ашық дереккөз

Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов дене шынықтырумен айналысатын балалар санын 2 есеге арттыру қажет екенін айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Спортты дамытуға арналған жаңа тұжырымдаманы жеделдетуіміз қажет. Бұл жаңа тұжырымдамада бүкіл көрсеткіштер, алдымызда тұрған мақсат-міндеттер көрсетілуі тиіс. Әсіресе, жасөспірімдер, жастарды спортқа баулу, оның ішінде кәсіби спортшыларымызды дамыту мәселелері қамтылуы қажет. 2023, 2024 жылдары, жалпы алдағы 7 жылдық мерзімде қандай нәтижеге қол жеткізуіміз керектігі тұжырымдамада белгіленуі керек, - деді ол Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.

Вице-премьердің айтуынша, спорт мәселесі бойынша әзірленетін заң жобасында балалар спортын дамыту мәселесіне ерекше назар аударылуы тиіс.

Алдымызда дене шынықтырумен айналысатын балалар санын 2 есеге арттыру міндеті тұр. Бұл - біздің қолымыздан келетін міндет. Ол үшін бірлесіп жағдай жасауға тиіспіз. Мемлекеттік спорттық тапсырысты тиянақты іске асыру маңызды. Осында айтылған ұсыныстарды жан-жақты пысықтау қажет. Біреулер бәсекелестікке жол беру керектігін айтты. Ол да дұрыс. Кемшіліктер бар. Оларды да шешу қажет. Мұның бәрін жергілікті атқарушы органдармен пысықтаңыздар. Содан кейін тиісті шешім қабылдау керек, - деді Алтай Көлгінов.