Челах ісі бойынша тергеу жұмыстары басталды
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Бас прокуратура Владислав Челах ісі бойынша тергеу процесінің қайта басталғаны туралы айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Қостанай облысында жазасын өтеп жатқан Владислав Челахтың өтінішін тексеру үшін зерттеліп жатқан қылмыстық іс қайта қозғалмақ.
Сотталған адамның дәлелдері ҚР Конституциялық заңында белгіленген тәртіпке сәйкес тексеріледі, – деп хабарлады Zakon.kz.
Еске салсақ, 2012 жылдың 28 мамырында Қазақстан-Қытай шекарасы бойындағы «Арқанкерген» бекетінде 15 адам қаза тапқан. Олардың ішінде 14 әскери қызметші және бір орманшы бар. Бұл оқиғаға мерзімді әскери борышын өтеп жүрген сарбаз кінәлі деп танылды.
Владислав Челахты сот өмір бойына бас бостандығынан айырды.
Ұқсас жаңалықтар
8 қараша, 2024
Skills Enbek платформасында 97 мыңнан астам қазақстандық оқыды
8 қараша, 2024
Wanderlust Reader Travel Awards рейтингінде Қазақстан үздік бестікке енді
8 қараша, 2024
БАҚ өкілдері үшін волонтерлік жобаларды жариялау бойынша семинар өткізіледі
7 қараша, 2024
Елімізде мүгедектігі бар адамдар 885 мыңнан астам қызмет алды