00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Конституциялық сотта азаматтарға кәсіби заңгерлік көмек көрсету мәселелері талқыланды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Конституциялық сотта азаматтарға кәсіби заңгерлік көмек көрсету мәселелері талқыланды
ашық дереккөз

Конституциялық сотта төраға Эльвира Әзімова, оның орынбасары Бақыт Нұрмұханов, судьялар Қайрат Жақыпбаев пен Қанат Мусиннің Қазақстанның заң қоғамдастығы өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Кездесуге Республикалық заң консультанттары алқасының төрағасы Серік Ақылбай, Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Айдын Бикебаев, Республикалық нотариаттық палатаның төрағасы Әсел Жанәбілова, Республикалық жеке сот орындаушылары палатасының Басқарма төрағасы Айдос Иманбаев бастаған заңгерлер қатысты.

Шарада қозғалған негізгі мәселе Конституциялық соттың атына өтінішпен жүгінетін азаматтарға мемлекет кепілдік берген сапалы заң көмегін көрсету болды. 

Атап айтқанда, қатысушылар заң көмегі саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен құқық қолдану практикасын жетілдіру мәселелерін талқылады. 

Жұмыс кездесуі барысында осы жылдың 1 қаңтарынан бастап Конституциялық соттың атына 400-ден астам өтініш келіп түскені, олардың басым көпшілігінде өтініш берушілер мен олардың заңды өкілдері өтініштерді жазу және ресімдеу кезінде кейбір проблемалық мәселелерге тап болатыны атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Конституциялық заң және Регламент шеңберінде конституциялық іс жүргізу және азаматтарға сапалы заң көмегін көрсету бойынша кәсіби заң мамандарына арналған оқыту семинарларын ұйымдастыру бойынша келісті.