00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада қос азаматтығы бар 43 адам анықталды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада қос азаматтығы бар 43 адам анықталды
ашық дереккөз

Елордада өзге елдердің азаматтығын қабылдаса да, Қазақстан азаматтығынан шықпаған 43 адам жазаға тартылды, деп хабарлады Elorda.info. 

Бұл туралы қалалық Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасы басшысының орынбасары Анар Жомартова айтты.

Қос азаматтыққа қарсы тиісті шаралар қабылданды. Өзге елдердің азаматтығын қабылдаса да, Қазақстан азаматтығынан шықпаған 753 адам анықталды. Оның 43-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деді ол.

Көші-қон қызметі маманының айтуынша, былтыр Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш тапсырған 1 мың 956 шетел азаматы тіркелген.

Қазіргі кезде елордада тұрақты тұратын шетел азаматтарының саны 14 мыңға жақында. Оның 6 мыңы этникалық қазақ. Сонымен қатар, қалада 361 азаматтығы жоқ адам тұрып жатыр, - деді А. Жомартова.