00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ресей хакерлері астаналық IT маманды «НАТО киберсарбаздарының» тізіміне қосқан

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ресей хакерлері астаналық IT маманды «НАТО киберсарбаздарының» тізіміне қосқан
ашық дереккөз

RaHDit тобының ресейлік хакерлері астаналық IT маман Олжас Сәтиевті «НАТО киберсарбаздарының» тізіміне қосқан, деп хабарлады Elorda.info.

Тізім ресейлік бірқатар ресми ақпарат құралында жарық көрген. Онда Сәтиев өзге де жүз адаммен бірге «НАТО киберсарбаздары» санатына кіріпті.

Алайда ол бұл жағдайды абсурд деп атап, әлеуметтік желілерде түсініктеме берген.

Менің де, ЦАРКА-ның да (Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығы) НАТО-ның киберсарбаздарымен немесе қандай да бір өзге елдің «киберәскерлерімен» байланысымыз жоқ.

Біздің басты міндетіміз – Орталық Азияда киберқауіпсіздік құру және киберқауіпсіздіктің жергілікті кадрларын тәрбиелеу. Қазақстанда біз БҰҰ-ның әлемдік кибердайындық индексінде 5 жыл ішінде елімізді 118-орыннан 31-орынға көтердік. Мүмкін бұл біреуге ұнамауы мүмкін, - деп жазды ол.

Айта кетейік, ЦАРКА – Орталық Азияда қызмет көрсететін Қазақстанда құрылған кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығы.