00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде сұранысқа ие ТОП-25 мамандық тізімі жарияланды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде сұранысқа ие ТОП-25 мамандық тізімі жарияланды
ашық дереккөз

Еңбек ресурстарын дамыту орталығы еліміздегі ең қажет деген мамандықтар тізімін жария етті, деп хабарлады Elorda.info.

1. Бухгалтерлер – 92 мың адам;

2. Күзетшілер, инкассаторлар және соған байланысты кәсіптер – 77,8 мың адам;

3. Дүкен сатушылары мен олардың көмекшілері – 70,2 мың адам;

4. Әлеуметтік ғылымдар бойынша орта мектеп мұғалімдері – 45,2 мың адам;

5. Автокөлік жүргізушілері мен шопырлар – 45,1 мың адам;

6. Күтім бойынша орташа медициналық персонал – 40 мың адам;

7. Жаратылыстану ғылымдары бойынша орта мектеп мұғалімдері – 37,9 мың адам;

8. Мектепке дейінгі білім беретін тәрбиешілер – 36,1 мың адам;

9. Қонақүйлер мен осыған ұқсас мекемелердегі тазалаушылар мен қызметшілер – 34,6 мың адам;

10. Бастауыш сынып мұғалімдері – 32,3 мың адам;

11. Кеңселердегі тазалаушылар – 25,3 мың адам;

12. Шаштараздар – 24,6 мың адам;

13. Орта мектеп мұғалімдері – 23,2 мың адам;

14. Кеңсе қызметкерлері (жалпы бейіні) – 22,1 мың адам;

15. Көшелер мен базарлардағы саудагерлер – 21,7 мың адам;

16. Ғимараттарды қараушылар және күзетшілер – 20,6 мың адам;

17. Аспаздар – 20,5 мың адам;

18. Басқа біліктілігі жоқ жұмысшылар – 20,2 мың адам;

19. Аралас өнім өндіретін фермерлер мен жұмысшылар – 19,8 мың адам;

20. Дәстүрлі тәсілмен көкөніс өсіретін фермерлер мен жұмысшылар – 19,6 мың адам;

21. Жүк көлігінің жүргізушілері – 17,8 мың адам;

22. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде біліктілігі жоқ жұмысшылар – 16,6 мың адам;

23. Аула сыпырушылар және ашық аумақтарды тазалаушылар – 16,5 мың адам;

24. Жылжымайтын мүлікпен және басқа да мүлікпен операциялар жөніндегі агенттер – 16,2 мың адам;

25. Штаттағы заңгерлер – 15,2 мың адам.

Егер жиынтық көрсеткішке қарасақ, білім беру саласындағы кәсіби мамандар – барлық қажеттіліктің 12,5%, жылжымалы жабдықтың жүргізушілері мен операторлары – 8,2%, бизнес және әкімшілендіру саласындағы кәсіби мамандар – 6,8%, азаматтар мен меншікті қорғауды жүзеге асыратын қызметтердің қызметкерлері – 5,3%, тазалаушылар мен қызметшілер – 5,1% сұранысқа көп ие болатынын атап өтуге болады», – деді Еңбек ресурстарын дамыту орталығы Болжау департаменті директорының орынбасары Қайырбек Аяшев.