00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Мүгедектер мен асыраушысынан айырылғандарға 402 млрд теңге жәрдемақы төленді

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Мүгедектер мен асыраушысынан айырылғандарға 402 млрд теңге жәрдемақы төленді
ашық дереккөз

Жыл басынан бері қазақстандықтарға мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы түрінде 402 млрд теңгеден астам қаражат төленді, деп хабарлады Elorda.info Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Қараша айында республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 28,5 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша - 9,3 млрд теңге бөлінді.

1 желтоқсандағы жағдай бойынша мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 527,7 мың, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – 184,3 мың адамға жетті.

Мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектік тобына және себебіне, қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушының асырауындағы адам санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленетін ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болады.

Осы жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 54 062 теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша төленетін жәрдемақы – 50 368 теңгені құрады.

Сонымен қатар, мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты 8,5%-ға артады.