Наурыз айынан бастап Балқаштан Алматыға тікелей пойыз қатынайды

Наурыз айынан бастап Балқаштан Алматыға тікелей пойыз қатынайды
Фото: freepik

1 наурыздан бастап Балқаш - Алматы, Алматы - Балқаш бағытында жаңа пойыз қатынайды, деп хабарлады Elordainfo.kz Қарағанды облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

«Бұған дейін Балқаш тұрғындары Алматыға жету үшін алдымен Сарышаған станциясына барып, кейін Алматыға дейін пойызбен қатынайтын. Жаңа бағыт осы қолайсыздықты жойып, тікелей теміржол қатынасын қамтамасыз ететін болады», - делінген хабарламада.

Бұл Балқаш - Мойынты учаскесінде екінші жол құрылысының арқасында мүмкін болды, бұл желінің өткізу қабілетін айтарлықтай арттырады. Жоба Достық - Мойынты бағытындағы теміржол қатынасын дамыту жөніндегі ірі инфрақұрылымдық бастаманың бір бөлігі болып табылады.

 Пойыз қозғалысының кестесі:

 Балқаш - Алматы: жұп сандар бойынша жөнелту уақыты – 07:52, Алматы-2 теміржолвокзалына келу уақыты – 00:58.

 Алматы - Балқаш: тақ сандар бойынша жөнелту уақыты – 00:10, Балқашқа келу уақыты – 15:03.

Жол жүру уақыты 17 сағаттан сәл асады.