Астаналық боксшы халықаралық турнирдің күміс жүлдегері атанды
Фото: Астана қаласы әкімдігі
Елордалық боксшы Бақберген Алиасқаров халықаралық турнирдің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Сербия астанасы Белград қаласында бокстан өткен «Belgrade Winner» халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Биыл 62-ші рет ұйымдастырылған айтулы додада Қырғызстан, Словакия, Македония, Марокко, Сербия, Молдова және Қазақстан елдерінің былғары қолғап шеберлері бақ сынады.
Астананың намысын қорғаған 75 келіге дейінгі салмақтағы Бақберген Алиасқаров лайықты өнер көрсетіп, турнирдің күміс жүлдегері атанды.
Жалпы қазақстандық боксшылар бұл жарыста жоғары нәтиже көрсетіп, 8 алтын, 4 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.
Ұқсас жаңалықтар
27 қазан, 2025
Регбиден Қазақстан құрамасы Оманда өткен турнирде топ жарды
27 қазан, 2025
Азия ойындары: Таеквондодан Қазақстан құрамасы бес медаль еншіледі
26 қазан, 2025
Руслан Есеналин Азия ойындарының жүлдегері астаналық Анель Цойды құттықтады
26 қазан, 2025
«Қайрат» – «Астана»: бүгін ҚПЛ чемпионы анықталады
