00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Спанч Боб» мультфильмі қазақ тілінде көрсетіледі

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Спанч Боб» мультфильмі қазақ тілінде көрсетіледі
ашық дереккөз

Nickelodeon телеарнасы 2023 жылдан бастап «Шаршы шалбар Спанч Боб» мультфильмінің 400-ден астам сериясын қазақ тілінде көрсетеді. Бұл туралы телеарнаның вице-президенті Мария Косарева айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Келесі жылы кішкентай көрермендеріміз тамашалайтын контентке қысқаша тоқталып өтсем. Ол – «Коралл» лагерінің жалғасы, яғни «Шаршы шалбардың» (Спанч Боб) балалық шағы. Бұл достық жайындағы тамаша оқиға және әртүрлі адамдардың ортақ тіл табысуы жайында сыр шертеді. Мультфильм – International мен Nickelodeon Үндістанның бірлескен туындысы, - деді ол І Орталық Азия медиафорумында.

Мультфильмде батыс пен шығыстың мәдениеті үйлестірілген.

Жалпы келесі жылы көрермен 400-ден астам серияны қазақ тілінде тамашалауға мүмкіндік алады. Мұнан өзге де тосынсыйлар әзірлеп жатырмыз, - деді Мария Косарева.