00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстандықтар қаңтарда қанша күн демалады

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстандықтар қаңтарда қанша күн демалады
ашық дереккөз

Қаңтар айында қазақстандықтар сенбі және жексенбі күндерін қоса алғанда барлығы 11 күн демалады, деп хабарлады Elorda.info.

Жаңа жылды тойлау тек үш күнге – 1, 2 және 3 қаңтарға келеді. Қазақстандықтар 4, 5 және 6 қаңтарда жұмыс істейді.

7 қаңтарда тойланатын Рождество мерекесі сенбіге, демалыс күніне сәйкес келеді және бұл жағдайда демалыс күні ауыстырылмайды.

Айта кетейік, аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 31 желтоқсан және 1, 2, 3, 7, 8 қаңтар күндері демалады. Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін демалыс күндері 1, 2, 3, 7, 8 қаңтар болады.