00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстанда халық саны 212 мың адамға өсті

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанда халық саны 212 мың адамға өсті
ашық дереккөз

Қазақстандағы халық саны 19,7 млн адамнан асты, деп хабарлады Elorda.info.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 19 715,2 мың адамның ішінде қалалықтар – 12 169,1 мың (61,7%), ауылдықтар – 7 546,1 мың адам (38,3%).

2022 жылдың басымен салыстырғанда халық саны 212,0 мың адамға немесе 1,1%-ға өсті. 2022 жылғы қаңтар-қазанда республика халқының табиғи өсімі 2021 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда (222,3 мың адам) 0,6%-ға кеміп, 221,0 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 13,51 адамды құрады, – делінген ақпаратта.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілерінінің жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2022 жылғы қаңтар-қазанда туғандар саны 333,1 мың адамды құрады, бұл 2021 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 11,4%-ға аз (375,9 мың адам). 1000 адамға шаққандағы жалпы туу коэффициенті 20,37 туылғандарды құрады.

Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 112,1 мың адам болған, бұл 2021 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 27,0%-ға аз (153,6 мың адам) көрсеткіш. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 6,86 қайтыс болғандарды құрады, – делінген зерттеуде.