00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде «Кids go Free» бағдарламасымен қанша бала саяхаттады

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде «Кids go Free» бағдарламасымен қанша бала саяхаттады
ашық дереккөз

Бүгінгі таңда 1,4 мыңнан астам бала туристік пакет құрамында Қазақстан бойынша тегін рейстерді пайдаланды, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл шараның мақсаты – балалар авиабилеттерін субсидиялау арқылы азаматтарымызды Қазақстан Республикасының аумағында бүкіл отбасымен демалуға ынталандыру.

Балалардың тегін әуе саяхатына қол жеткізу үшін «Кids go Free» бағдарламасына қатысқысы келетін қазақстандықтар ішкі туризм саласындағы туроператорға жүгінуі және жоспарланған демалысы тек Қазақстан Республикасы аумағында өткізілуі қажет.

Бүгінгі таңда «Kids go Free» бағдарламасы бойынша турларға сұраныстың тұрақты өсуі байқалады. Жыл соңына дейін кемінде 2 мың баланы қамту жоспарлануда.