Қарашада баспананы сату-сатып алу азайды
Қазақстанда бір айда тұрғын үйді сату-сатып алу мәмілелерінің саны 1,6% азайды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.
2022 жылғы қарашада тұрғын үйді сату-сатып алу бойынша 33 797 мәміле тіркелді. Оның 8 мыңы – жеке үйлер, 27 797-сі – пәтер. Бір ай бұрынғы статистикамен (34 336) салыстырғанда мәмілелер саны 1,6% азайған. Келісімдердің үштен бірінен астамы Алматы (7 071) және Астана (5 886) қалаларында тіркелді. Баспанаға қатысты сауда келісімдері ең аз Ұлытау облысында жасалды – 394 мәміле (1,2%).
2022 жылғы қазанмен салыстырғанда көпқабатты үйлерден пәтер сату-сатып алу 559-ға азайды. Жалпы пәтерлер бойынша барлығы 25 797 мәміле жасалды – бұл мәмілелердің жалпы санының 76,3%.
Бөлмелер саны бойынша 1 бөлмелі пәтерлер әлі де көш бастап тұр – қараша айында 10 368 келісім рәсімделді. Мәмілелердің негізгі үлесі Алматы және Астана қалаларына (61,6%) тиесілі.
Ал 2 бөлмелі пәтер бойынша 9 032 мәміле жасалды.
2022 жылғы қазанмен салыстырғанда жер үйге қатысты сауда келісімдерінің саныболмашы ғана артып, 8 мыңды құрады. Қазан айымен салыстырғанда жер үйлер ең көп Абай облысында (+53 мәміле) сатылды. Ең аз сатылым БҚО-да (- 50 мәміле) байқалды.