Қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 70 мың теңге болады
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы 70 мың теңге болады, деп хабарлады Elorda.info «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап.
Мәжіліс депутаттарының сауалына жауап берген Премьер-Министр Әлихан Смайылов биыл республикадағы ең төменгі жалақы 60 мың теңгеге жеткенін атап өтеді.
Бұл 1,7 млн жалдамалы жұмысшының ақшалай кірісінің артуына оң ықпалын тигізген болатын. Осы жылы әлеуметтік төлемдерге екі мәрте индексация жасалып, 4,1 млн адам қамтылды. Оның ішінде 2,2 млн зейнеткер бар. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 70 мың теңгеге дейін қосымша арттырылатын болады, - деді Үкімет басшысы жауабында.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады