00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада пәтер «жалға беріп» жүрген алаяқ ұсталды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада пәтер «жалға беріп» жүрген алаяқ ұсталды
ашық дереккөз

Астанада полиция қызметкерлері тұрғын үй нарығындағы кезекті алаяқты ұстады, деп хабарлады Elorda.info. 

Polisia.kz сайты жазғандай, 18 жастағы алматылықтың Krisha.kz сайтында жылжымайтын мүлікті тәуліктік жалға беру туралы жалған хабарландырулар орналастырғаны анықталды.

Хабарландыруларда ол пәтерлердің арзан бағаларын және интерьердің тартымды фотосуреттерін көрсетіп қойған. Бір айдың ішінде елорданың 15 азаматы алаяқтың қармағына түскен. Елорда тұрғыны пәтерді тәулік бойы жалға алмақшы болып, сайттағы хабарландыру бойынша жас жігітке жүгінген. Жалға алушылардың көптігін және тездетуді сылтауратып, алдын ала төлемді талап еткен алаяқ мобильді қосымша арқылы ақша алған. Осылайша, күдікті жәбірленушіні алдап, оның 15 мың теңге көлеміндегі ақшасын иемденген. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта қалған жәбірленушілер анықталуда.