Дипломмен ауылға: Жас мамандарға берілетін жәрдемақы мөлшері өседі
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Сенатта Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр ауылға баратын жас мамандарға берілетін несие сомасы өсетінін айтты, деп хабарлады Elorda.info.
«Дипломмен ауылға» жобасы да жалғасып келеді. Біріншіден, ауылға баратын жас мамандарға үй алуға немесе жаңадан үй салуға берілетін несие сомасын өсіреміз деп жоспарлап отырмыз. Ол қазір 1 500 айлық есептік көрсеткішке тең. Енді, аудан орталығына 2 500 АЕК-ке дейін, ауылдар мен кенттер үшін 2 000 АЕК-ке дейін асырмақпыз. Екіншіден, шекараға жақын ауылдарға баратын жас мамандарға көтерме жәрдемақы бар. Қазір ол 100 АЕК болса, соны 200 АЕК-ке дейін өсіреміз, - деді Роман Скляр.
Сондай-ақ, бұл жобаға аудандық маңызы бар қалалар да қосылады.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады