00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада Қарулы күштердің мамандары марапатталды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада Қарулы күштердің мамандары марапатталды
ашық дереккөз

Ұлттық әскери-патриоттық орталықта Әскери кадр қызметкері күніне арналған салтанатты жиын өтті. Бұл мереке 1991 жылғы 23 қарашада Қазақ КСР Мемлекеттік қорғаныс комитетінің құрамында кадрлар басқармасын құрылған күнге орайластырылды, деп хабарлады Elorda.info.

Іс-шараға Қорғаныс министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің, Бас штаб пен Қарулы күштердің, Ақмола өңірлік гарнизоны кадр органдарының мамандары, сондай-ақ әскери өмірін кадр құрылымдарындағы қызметке арнаған Қарулы күштердің ардагерлері қатысты.

Жиналыста Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов аға буын офицерлердің Қарулы күштердің командалық құрамын қалыптастыруға қосқан үлесін атап өтті.

Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап бірыңғай мемлекеттік кадр саясатын іске асыру бойынша жүргізілген жүйелі жұмыстардың нәтижесінде нормативтік құқықтық актілер әзірленді. Офицерлер құрамын сақтау, кәсіби Отан қорғаушылардың жаңа буынын, өз елінің нағыз патриоттарын тәрбиелеу бойынша ауқымды шаралар өткізілді. Бұл Қарулы күштердің сенімді қалыптасуы мен қарқынды дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, – деді генерал-лейтенант С.Қамалетдинов.

Ол сондай-ақ іріктеу мен орналастыруда, әскери мамандарды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыруда кадр қызметі қорғаныс ведомствосы қызметінің тиімділігін қамтамасыз ететінін атап өтті.

Қарулы күштердің ардагері, Кадрлар басқармасының бірінші бастығы, отставкадағы генерал-майор Сәбит Тауланов әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Ол көптеген әріптестеріне 90-жылдардағы қиын жағдайларда қызмет етуге тура келгенін, сондай-ақ бүгінгі офицерлер мен сержанттардың жоғары дайындығын атап өтті. 

Салтанатты жиын барысында Қорғаныс министрінің орынбасары кадр органдарының ардагерлерін алғыс хаттармен марапаттады. Үздік әскери қызметшілерге Қорғаныс министрінің бұйрығымен ведомстволық наградалар мен кезекті әскери атақтар мерзімінен бұрын табысталды.

Жиынға қатысушылар Мемлекеттік әскери-тарихи мұражайда болып, тақырыптық экспозициялармен танысты.

Салтанатты шара Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың шығармашылық ұжымы дайындаған мерекелік концертпен аяқталды.