00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Зиялы қауым шетінен тарихшы болып кетті»: Президент әлемге прагматикалық көзбен қарау керек екенін айтты

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Зиялы қауым шетінен тарихшы болып кетті»: Президент әлемге прагматикалық көзбен қарау керек екенін айтты
ашық дереккөз

 

Бұл туралы Президент Алматы қаласы жұртшылығымен кездесуінде айтты, деп хабарлады Elorda.info Ақорда баспасөз қызметінің БОРТ №1 Telegram арнасына сілтеме жасап. 

Мен академик Асқар Жұмаділдаев айтқан пайыммен толық келісемін. Халқымыз осындай күрделі заманда, ең алдымен, әлемге прагматикалық көзбен қарауы керек. Бос әңгімелерді тоқтату қажет. Мысалы, Шыңғыс хан қай рудан шықты деген талас-тартысты қою керек деп ойлаймын. Қазіргі таңда зиялы қауымның көбі шетінен тарихшы, шыңғыстанушылар болып кетті. Мұның қоғамымызға пайда әкелеріне күмәнім бар. Жастарымыздың санасы сергек, еті тірі, ширақ болуы қажет. Көрші мемлекеттердегі жас азаматтар шетелге барып, кәсіпорындар, дүкендер ашып, жақсы өмір сүру үшін жаңа дағдыларды игеріп жатыр. Олар, шын мәнінде, бәсекеге қабілетті адамдар. Қазіргі жағдайда мен бір жерде өмір сүремін, балаларыммен өмір бойы бірге тұрамын деген ұғым әбден ескірген. Сондықтан, құрметті ағайын, бәріміз озық болайық! Сонда ғана жастарымыздың көзі ашық, көкірегі ояу, ойлары ұшқыр болады, көптеген сын-қатерге төтеп бере алады. Өз жағдайын өздері жасап, жақсы өмір сүре алады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.